Күдіктінің көлігінен 17 дана қарақұйрыққа ұқсас жануарлардың ұшасы табылған
2023 жылдың 5 тамыз күні «Охотзоопром ӨБ» РМҚК қызметкерлері Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп, Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылындағы жергілікті тұрғынның сақтауға тыйым салынған жануарларды үйінде ұстағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғын үйді тінту барысында ауладағы «Toyota Sequie» маркалы автокөліктің артқы жүк салғышынан Қызыл кітапқа енгізілген, жойылып кету қауіпі бар 17 дана қарақұйрыққа ұқсас жануарлардың ұшасы табылған.
«Көліктің артқы жүк салғышынан 1-дана қарақұйрыққа ұқсас жануардың сойылған еті, 1-дана аңшы мылтығы, 66-дана 12 калибрлі, 37-дана 7,62 санды калибрлы оқ-дәрілер, 1-дана балта, 4-дана ас үй пышағы, 1-дана пышақ, 7-дана қуаттағыш батерейкалар заттай дәлелдеме ретінде алынды», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды.