Ол аталған жарыста үш медаль иеленді
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының өкілі Милад Карими Чэнду қаласында (ҚХР) өткен Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл ретте спортшы үш марапатқа ие болды. Нақтырақ айтқанда, ол бір алтын, бір күміс және бір қола иеленді.
Милад Карими бөренедегі жаттығудан бірінші орынға ие болды. Ал еркін жаттығуда күміс, тірекпен секіруде қола медальді еншіледі.
Ал өз кезегінде тағы бір қазақстандыұ Нариман Құрбанов ат үстінде жаттығуда күміс медаль жеңіп алды.