Қазақстанда тамыз айының басында ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктердің болжауынша, республика бойынша жауын-шашынды ауа райы сақталады

Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер 1-3 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика бойынша жауын-шашынды ауа райы сақталады.

"Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты болады. Салдарынан найзағай ойнап, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, еліміздің батыс аймақтарында қысым күшейеді - жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Температура фонындағы елеулі ауытқулар болжанбайды", - делінген"Қазгидромет" РМК хабарламасында.