Африка елдері үшін астық мәмілесін қайта қарау маңызды болып отыр
Владимир Путин Африканың алты еліне 25-50 тонна ресейлік астықты тегін ұсынды. Зимбабве басшысы Ресей Президентіне алғысын білдірді, бірақ Харараға қосымша астық қажет емес екенін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Санкт-Петерборда «Ресей-Африка» саммитінің бірінші күні аяқталды, оған 49 африкалық делегация, оның ішінде 17 Мемлекет басшысы келді. Айта кетейік, 2019 жылы саммитке 43 африкалық көшбасшы келген еді.
Қонақтар алдында сөз сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин Батыс Еуропаны астық мәмілесінің бұзылғаны үшін тағы да айыптады.
Еске сала кетейік, Ресей уағдаластық аясында өзінің кейбір аграрлық өнімдерін экспорттау және тасымалдау үшін санкциялық шектеулерді алып тастауды сұрады. Алайда бұл өтініш орындалған жоқ. Осылайша 17 шілдеден бастап Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ арасындағы Украинаның ауылшаруашылық өнімдерін Қара теңіз арқылы экспорттау туралы келісімдер тоқтатылды.
«Ресей бұл мәмілеге, оның ішінде біздің астық пен тыңайтқыштарды әлемдік нарыққа жеткізу үшін «заңсыз кедергілер алынып тасталатыны» туралы міндеттемелерді ескере отырып қатысты. Бұл, ең алдымен, кедей елдерге көмек. Біз талқылаған және уәде еткен нәрселерден ештеңе болған жоқ», - деді Владимир Путин.
Ресей президенті сонымен қатар алты елге — Буркина-Фасо, Зимбабве, Мали, Сомали, ОАР және Эритреяға 25-50 мың тонна астықты тегін жеткізуге уәде берді.
Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва Ресей Президентіне алғыс білдіріп, Харараға қосымша астық қажет емес екенін айтты.
Мамандардың есептеуі бойынша, Владимир Путиннің ұсынысы бұл елдерге украин астығын сатып алудан ондаған миллион долларға қымбатқа түсуі мүмкін: азық-түлік қажеттіліктерін толығымен жабу үшін «тегін беру» жеткіліксіз, ал қалғанын астық мәмілесі болмаған жағдайда жоғары бағамен сатып алуға тура келеді.
Африка одағы Африка елдері үшін астық мәмілесін қайта қарау маңызды екенін атап өтті, өйткені оның салдары бүкіл әлемге, әсіресе Африкаға әлеуметтік-экономикалық мәселелерде әсер етеді.