Ол «ӨКМ Оператор» ЖШС бас директорымен бірге 920 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасы мен Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген «ӨКМ оператор» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы экстрадициялады. Бұл туралы Антикор мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол «ӨКМ оператор» ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген.
Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласының әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.