Апаттан тағы жеті адам зардап шекті
Ресейдің Алтай аймағында бортында жолаушылары бар Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ТАСС хабарлауынша, оқиға куәгерлері бортында туристер отырған тікұшақтың ұшып бара жатып электр сымына оратылып қалғанын айтады.
«Алтай Авиа» компаниясының Ми-8 тікұшағы Усть-Көксі ауданы Тұңғыр ауылына қонған кезде электр сымдарына соғылып құлаған. Артынша бірден өртеніп кеткен. Тікұшақ бортында 13 адам болған – оның алтауы оқиға орнында қаза тапты, тағы жетеуі жарақат алды», - делінген хабарламада.