Аталған дерек бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде
«Алматы-Астана» автожолында көлік апатынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«26 шілде күні сағат 11:00-де «Тойота-Каролла» маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі «Алматы-Астана» автожолының 225 километрінде келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота-Камри» маркалы автокөлікпен соқтығысқанын хабарлаймыз. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.