Оның ішінде топтың жеті жетекшісі өлтірілді
Сомалиде лаңкестікке қарсы операция барысында «Аш-Шабаб» террористік ұйымының 100-ге жуық содыры, оның ішінде топтың жеті жетекшісі өлтірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Anadolu-ға сілтеме жасап.
Арнайы операция Орта Шабелле провинциясында жүргізілді.
«Қауіпсіздік күштері рейд барысында лаңкестердің үлкен көлемдегі қару-жарағы мен әскери техникасын тәркіледі», - делінген хабарламада.
Операцияны Сомали армиясы АҚШ-тың қолдауымен жүргізді.
Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд бұған дейін ел билігі «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымына қарсы ауқымды күрес жүргізуге ниетті екенін айтқан.