Бұл Шымкент мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензиннің жетіспей жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«АИ-95 маркалы бензиннің тапшылығы байқалды. Бұл Шымкент мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ Атырау зауытының апатты жағдайда тоқтап қалуына байланысты болып отыр. Қазір мұнай базалары мен зауыттарда қажетті көлем жиналды. Жанармайдың бұл түрі әкімдіктердің өтінішіне сәйкес жөнелтіліп жатыр. Тұтыну көлемі артқан аймақтарда аздап кешігулер болуы мүмкін. Жанармай тапшылығы ішкі жеткізілім есебінен жабылады», - деді министр тілшілер сауалына.
Ол жанармайдың бұл түріне қатысты баға өзгерісі болуы мүмкін екенін, дегенмен министрлік бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатқанын еске салды.
«АИ 95 маркасы реттелмейтін жанармай түріне жататындықтан, автобекеттер бағаны көтеруге құқылы. Энергетика министрлігі ретінде біз баға көрсеткіші бойынша ұсыныстар жасай аламыз. Сондықтан жанармайдың бұл түрінің бағасы күрт қымбаттап кетпес үшін қазіргі кезде өнім иелерімен де, жанармай құю станциялары бар кәсіпорындармен де жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді А. Сәтқалиев.