Италия карантин мерзімін ұзартады

Автор: Azattyq Rýhy

Мұнда карантин 3 сәуірге дейін енгізілген еді

Фото: ашық дереккөзден

Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте мемлекетте 3 сәуір күні аяқталатын карантинді ұзарту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Премьер-министр Джузеппе Контенің хабарлауынша, вирустан соңғы бір тәулікте 475 адам көз жұмған. Жалпы, коронавирусты жұқтырғандар саны 35 мыңнан асып, көз жұмғандар үш мыңға жуықтап қалды», - деп жазылған ақпаратта.

Испанияда да карантинге қарамастан пандемия дендеп барады. Елде 13 мың 700 адамнан COVID-19 анықталса, оның 600-і көз жұмған.