Суданда атыс болып, 34 адам оққа ұшты

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза тапқандар арасында балалар да бар

Фото ашық дереккөзден

Суданның Омдурман қаласындағы базар маңында болған атыс салдарынан кемінде 34 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Reuters агенттігі жергілікті денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап хабарлады.

Жергілікті биліктің дерегінше, қаза тапқандар арасында балалар да бар.

«Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың көпшілігі – базардағы сатушылар мен жүк көлігі жүргізушілері», - делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты басқа мәліметтер жарияланған жоқ.