Атырауда отбасында ойран салған 34 адам әкімшілік қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Жанжал шығарғыш 334 адамға ерекше талап қойылған

Фото ашық дереккөзден

Атырауда отбасында ойран салған 34 адам әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлады Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Атырауда отбасындағы жанжалды айтып, полициядан 4 мыңнан астам адам көмек сұраған.

«Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша «102» арнасына 4 097 хабарлама келіп түскен. ҚР ӘҚБтК-нің 73- бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша 1 198 адам жауапкершілікке тартылды. Қорғау нұсқамасы 1365 құқық бұзушыға шығарылды», - дейді ведомство.

Жанжал шығарғыш 334 адамға ерекше талап қойылған.

«ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы, яғни қорғау нұсқамасын бұзған 96 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта отбасының шырқын бұзған 34 адам қамауда отыр», - дейді полиция.