Жапонияның оңтүстік-батысындағы қатты жаңбырдан адамдар қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Кем дегенде 6 адам қаза тапқан

Жапондық Кюсю аймағындағы бірнеше елді мекенде көшкін мен су тасқынының салдарынан адамдар қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткендер іздестірілуде, деп хабалайды Azattyq Ruhy.

Жапонияның оңтүстік-батысындағы нөсер жаңбырдан туындаған көшкіннің салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты. Тағы үшеуі хабар-ошарсыз кетті деп саналады.

Аймақтың ондаған мың тұрғыны эвакуациялау туралы бұйрық алды.

Өткен аптаның аяғынан бастап Жапонияның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, өзендер арнасынан асып, көшкін пайда болды.

Жапондық NHK телерадиокомпаниясы бұл аймаққа «рекордтық нөсер» жауғанын хабарлайды.