Президент «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.

Одан бөлек Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.