Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін
Республика бойынша жел күшейеді
Синоптиктер 10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы болады, найзағай ойнап, жаңбыр, батыста бұршақ жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Республикамыздың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК болжамында.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, қатты ыстық сақталады, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.
Жетісу, Ақмола облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының солтүстік жартысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +30+32°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С болады.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13, найзағайдың екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +35+37°С болады.