Қазақ тілі ресми түрде Telegram тілдерінің тізіміне енді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады

Бүгін Telegram әлеуметтік желісінің тілдік параметрлеріне мемлекеттік тіл ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлім етті.

«Қазақ тілін iOS және Android жүйелерінде, сондай-ақ қосымшаның веб-нұсқасында қолдануға болады. Тілді өзгерту үшін параметрлерге өтіп, «тілді» таңдап, Kazakh тілі батырмасын басу керек», - делінген хабарламада.