Форумға 2500 адам қатысады
Бірер сәттен соң Астанада «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумы басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еліміздің барлық өңірінен Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері саяси іс-шараға жиналып жатыр.
Бүгінгі Форумға жалпы 2500-ден астам партияластар қатысады
Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланады.