Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін – синоптиктер болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, кей өңірде дауыл соғады

Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін еліміздің басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болатындықтан, жаңбыр жаууы мүмкін, еліміздің шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Тек республикамыздың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады, орталығында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде,  Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +22+24°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +25+27°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С болады.