Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар, құран оқытылып, Президенттің атынан құрбандық шалынды

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.