Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімімен қазақстандық бір топ журналист Президент сыйлықтарын және гранттарын иеленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
- «31 арна» телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;
- «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абайға;
- «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
- «Orda. kz» ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;
- «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;
- «Tengrinews. kz» ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;
- «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:
- «Время» газетінің шығармашылық ұжымына;
- «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;
- «Kaztag» ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;
- «TDK-42» телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.