Қазақстандықтар Сочиге тікелей ұша алады

Автор: Azattyq Rýhy

Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек

Фото ашық дереккөзден

Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты әуе рейстері қайта жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Азимут» әуе компаниясы 2023 жылғы 28 маусымнан бастап Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды.

«Тасымалдау «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалады», - делінген хабарламада.

Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.