Швецияда аттракцион құлап, бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ тоғыз адам жарақат алды

Фото ашық дереккөзден

Швеция астанасы Стокгольмдегі Grona Lund саябағында амекрикалық сырғанақ рельстен шығып кетіп, соның салдарынан бір адам қаза тапты, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жүріп бара жатқанда бірнеше вагон рельстен шығып кетіп, адамдар жерге құлаған.

«Саябақ иелерінің айтуынша, бір адам қаза тауып, тағы тоғыз адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер арасында балалар да бар», - деп хабарлады SVT телеарнасы.

Апат болған жерге жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері жеткен. Құқық қорғау органдары аталғанр дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастады.