Президентке Ресейдегі ахуалға байланысты берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп беріледі
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді.
Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр.