Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі маңызды хабарлама жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Төтенше жағдайлар туындаса ҚР азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі Ресейдегі жағдайға байланысты маңызды хабарлама жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып отырған қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндетті түрде ұсынылады (консулдық есепке сілтеме бойынша онлайн тұруға болады).

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады. 

ҚР РФ Елшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14.

Еске сала кетейік, бүгін Мәскеуде антитеррорлық іс-шаралар басталды.

Оған дейін Ресейдің Бас прокуроры Игорь Краснов ел президенті Владимир Путинге қарулы көтеріліс ұйымдастыруға байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған болатын.