Мәскеуде терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Мәскеу мэрі мәлім етті

Фото ашық дереккөзден

Бүгін, яғни 24 маусымда Ресей астанасында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соңғы деректерге сүйенсек, Мәскеуде қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп жазады Мәскеу мэрі Сергей Собянин өзінің Telegram-арнасында.

«Жолдарда қосымша бақылау шаралары енгізілді. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеу қойылуы мүмкін. Қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», – деп жазды Мәскеу мэрі.

Айта кетейік, шектеу шаралары «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының басшысы Пригожиннің қарулы төңкеріс жасауға әрекеттенуіне байланысты енгізілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.