Ол - Азаматтық авиация күні
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 ақпанды Азаматтық авиация күні деп белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ашық үкімет порталында Үкіметтің №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жаңа қаулы 11 шілдеге дейін жария талқыға шығарылды.
«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан; Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан», - деп жазылған қаулы жобасында.