ЕАЭО аясында зияткерлік меншіктің құқығын қорғау аса маңызды – Алма Мұқанова

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол атағандай, елдер арасындағы ынтымақтастық аса маңызды

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова зияткерлік меншіктің қорғалуы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жаһандық әлемде елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Оның ішінде ЕАЭО аясында зияткерлік құқықты қорғау аса маңызды. Біздің саясатымыздың басты бағыттарының бірі - бизнесті дамыту мен интеллектуалдық меншікті қорғау»,- деді Мұқанова.

Ол атағандай, бизнесті қорғауды жетілдіруді осындай алаңдарда талқылау керек.

«Сондай-ақ ЕАЭО елдерінің аумағында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен практикалық тетіктерін талқылау және құқық қолдану практикасының ұлттық ерекшелігі талқыланады», - деді ол.

Еске салсақ, елордада «Еуразиялық интеграцияның жаңа жағдайындағы өндірістік және логистикалық процестер аясында бизнесті стратегиялық дамыту. ЕАЭО елдерінде зияткерлік құқық пен тиімді қорғау әдістері» семинары өтті.