Ол өз құттықтауын Twitter парақшасында жариялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол өз құттықтауын Twitter парақшасында жариялады.
«Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін», – деп жазды Президент.
Айта кетейік, Қазақстанда 2013 жылдан бері 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні деп бекітіліп, 2014 жылдан бастап кәсіби мереке ретінде атап өтіліп келеді.
Сондай-ақ 2007 жылы 5 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 15 жыл толуына орай, 23 маусым – Полиция күні болып бекітілді.