«Жайлы мектеп»: Алматыда 22 мектеп салынады

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол «Жайлы мектеп» аясында жүзеге асырылмақ

Фото ашық дереккөзден

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында мегаполис басшысы Ерболат Досаев мектептердің құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Адами капиталды сапалы дамыту мақсатында 3 басым бағыт анықталды: білім берудің қолжетімділігін арттыру, қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету, сондай - ақ педагогтардың біліктілігін арттыру», - деп атап өтті Досаев.

Мәселен, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 37,1 мың оқушыға арналған 22 мектеп салынады. Сондай-ақ 3720 орындық 8 білім беру нысанын іске қосу жоспарлануда.

«Кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізу аясында 206 мемлекеттік мектеп пен 8 интернатта оқу жылы басталғанға дейін турникеттер, ал 2023 жылдың 1 қарашасына дейін  бейнекамералар орнатылады», - деді әкім.

2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан қалған 8 мектепте осы шаралар жүзеге асады.

Биыл Алматыда алғаш рет балабақшалардың, мектептер мен колледждердің 6605 педагогының, сондай-ақ инклюзивті білім беруді іске асыратын мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыру басталды.