Ол тау кластері тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында биыл шетелдік туристер 450 мың, ішкі туристер 1,5 млн адамға дейін өседі деп болжанып отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 3 кемпинг-аймақ («Іле-Алатау» МҰТП) және ұзындығы 150 км 10 тау маршруты ашылады. Бұл бағыттар цифрландырылады. Жалпы, туристік инфрақұрылымды дамыту үшін Алматыда 16 глэмпингке арналған эко-қонақ үй және 112 бөлмелі қонақ үй ашылды. Жыл соңына дейін 390 бөлмелі тағы 2 қонақүй ашылады. Биыл қаланың нөмірлік қоры 3 мың төсек-орынға (27 мың төсек-орынға дейін) ұлғаяды», - деді Досаев.
Брифинг барысында Алматы қаласының туристік әлеуетін іске асыру үшін Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп Алматы агломерациясы аясында Түргеннен Қаскеленге дейінгі тау кластерін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жүргізіліп жатқаны айтылды.
Биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.