Жеті адам ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді
Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономиялық ауданында сұйытылған газ баллонының жарылуы салдарынан 30-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20.40-та (Астана уақытымен 18.40) Иньчуань қаласындағы мейрамханада болған.
«Сұйытылған газ жылыстауы салдарынан болған жарылыстан 38 адам зардап шекті, оның 31-і оқиға орнында қаза тапты. Ал құтқарылған жеті адам ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.