Әшімбаев еріктілер қызметінің маңыздылығы жайлы айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол елдегі күрделі жағдайларда волонтерлар қызмет еткенін еске салды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Халықаралық волонтерлар форумында Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоұаев елімізде волонтерлық қозғалыстың қарқынды дамуына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Президент бастамасымен 2020 жылы Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жарияланды. Мұндай қадам елімізде аталған бағыттың кең қанат жаюына тың серпін береді. Соның нәтижесінде жаңа жобалар қолға алынып, сәтті іске асырыла бастады. Бүгінгі форум да соның нақты нәтижесі деп айтуға болады», - деді Әшімбаев.

Ол атағандай, қазақ халқының ғұрпындағы «Асар» ұғымы осы дәстүрдің жарқын көрінісі.

«Пандемия кезінде әлем халұы волонтерлықтың қандай алып күш екеніне көз жеткізді. «Қазақта жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар. Ел басына күн туғанда волонтерлар бір адамдай үлес қосып келеді», - деді ол.

Айта кетейік, халықаралық шараға 34 елден 40-тан аса спикер катысып жатыр. Форум екі күнге созылады.