Семейде ресейлік «Би-2» тобының концерті өтпейтін болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған облыс тұрғындарының өтініші себеп болған

Фото: ТАСС

Семейде ресейлік «Би-2» тобының концерті өтпейтіні хабарланды. Қала әкімдігінің мәліметінше, оған Абай облысы тұрғындарының өтініші бойынша себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Табиғи өрт кезінде болған қайғылы оқиғаларға, сондай-ақ облыс жұртшылығының көптеген өтінішіне байланысты «Арена» мәдени-спорт кешенінде 21 маусымға жоспарланған ресейлік «Би-2» музыкалық тобының концерті өтпейтін болды. Аталған шешімге түіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл музыкалық топ мүшелері Семейдегі концерттен түскен қаражатты Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккендерге беруге ниетті екенін мәлімдеген болатын.

Айта кетерлігі, бір күн бұрын әлеуметтік желілердегі шудан кейін ресейлік әнші кейін Григорий Лепстің де Қонаев қаласындағы концерті өтпейтіні белгілі болды.