Олар екі елді келісімге шақыруға ниетті
Украина мен Ресей арасында делдал болуға үміттеніп келген африкалық көшбасшылар Киевтегі дабылдардан жерастына тығылуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Reuters ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтқанда Киевте кем дегенде екі жарылыс болып, әуе дабылы сиреналары қосылды.
Оңтүстік Африка, Сенегал, Замбия, Комор аралдары және Египет көшбасшыларын қамтитын бейбіт делегация сенбіде Ресей президенті Владимир Путинмен Санкт-Петербургте болатын келіссөздер алдында жұма күні Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуді жоспарлаған болатын.
Reuters ақпараттық агенттігінің түсірілім тобы көшбасшылардың Киевке автомобильдермен келгенін және артынша бомбадан қорғану үшін қонақ үйге кіргенін көрді.
Әуе дабылы аяқталғаннан кейін Оңтүстік Африка Президентінің өкілі Твиттерде Африка көшбасшыларының миссиясы «жақсы және жоспарға сәйкес» өтіп жатқанын айтты.