Алматыда «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Жиында Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары талқыланды

Бүгін «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалында мәслихаттағы депутаттық фракцияның жиналысы өтті. Кездесуге депутаттық фракция мүшелері, Әкімдік басқармаларының басшылары қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Депутаттық фракция жұмысының басым бағыты партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру болып табылады. «Жол картасы нақты мерзімдерді көрсетумен, жауапты орындаушыларды анықтаумен және әрбір тармаққа фракция мүшелерін бекітумен қабылданған», - деп «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров атап өтті.

Экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаевтың айтуынша, «Жол картасы «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» бағдарламасымен үндестірілген. Ол мегаполистің 5 негізгі бағытын қамтиды: дамыған экономика, сапалы инфрақұрылым, қолжетімді білім беру және денсаулық сақтау, мәдени, спорттық және жастар қаласы, қауіпсіз қоршаған орта.

Жол картасы аясында халықты жұмыспен қамту және табысын арттыру мақсатында партия «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» жобаларын іске асыруға және жыл сайын 50 мыңнан астам жұмыс орнын құруға ниетті.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 43 мыңнан астам мұқтаж отбасы тұрғын үйге қол жеткізе алады, оның ішінде «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы арқылы 5100 пәтер, «7-20-25» бағдарламасы арқылы 25 мың пәтер, 9,5 мың жалға берілетін және 4 мың кредиттік тұрғын үй іске асырылуда.

Сонымен қатар, жыл сайын 10 мыңнан астам жастар өзекті мамандықтарға оқытылатын болады, ал «Жастар практикасы» жобасы аясында партия жыл сайын мыңдаған жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін болады.

Сенімді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 172 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 4 су тарту құрылысын салу, сондай-ақ 130 мың тұрғынды су бұрумен қамтамасыз ететін 30 кәріз сорғы станцияларын салу жолпарлануда.

Оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім беруді дамыту үшін 2023-2024 жылдары 49,4 мың оқушы орнын қамтамасыз ететін 34 мектептің және 6 мектепке қосымша құрылыстың, сондай-ақ ТжКБ үшін 8 жатақхананың құрылысы жоспарланған.