Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгіледі
Абай облысындағы орман өрті оқшауланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғаны жарияланды», - делінген хабарламада.
Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.
Айта кетейік, Абай облысындағы орман өрті 8 маусымнан бері сөндіріліп жатыр. Өрт салдарынан 14 орманшы қаза тапты.