«Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» ордендерімен марапатталды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына Экология және табиғи ресурстар министрі табыстады

Фото: gov.kz

«Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан «Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады. Сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты», – деп жазылған Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарламасында.