Ертең құтқарушылар сол елдімекенде іздеу жұмыстарын жүргізеді
Абай облысындағы өрт аймағынан бұдан бұрын жоғалып кеткен 15-ші орманшы Сергей Архиповтың тракторы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазТАГ агентігіне сілтеме жасап.
«Біз тракторды таптық. Дмитриевка ауылынан 5 шақырым қашықтықтан. Тас жолдан 1 шақырым арыда тұр екен. Тракторшы жоқ. Ертең құтқарушылар сол елдімекенде іздеу жұмыстарын жүргізеді», - деп жазған ҚазТАГ агенттігінің дереккөзі.
Бұған дейін тракторшы Абай облысындағы өртті сөндіруге шығып, жоғалып кеткені мәлім болған.