Алматы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында өлім-жітім көбейген
Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 318 адам қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметінше, Алматы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында өлім-жітім көбейген. Өкінішке орай, балалардың қатысуымен жол апаты жиілеген.
Статистика бойынша күн сайын еліміздің жолдарында бір бала қаза тауып, 10-нан астамы жарақат алады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 6 мыңға жуық адам көлік жүргізу құқығынан айырылды, тағы 8 мыңға жуығы қамауға алынды.