Шымкентте қала күні мерекесін атап өту кейінге қалдырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Шымкенттіктер бұл мерекені Республика күнімен қатар тойлайды

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте Абай облысындағы орман өртіне байланысты қала күні мерекесін атап өту кейінге шегерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент қаласы әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында қала күні кейінге шегерілгендігі туралы хабарлама жариялады. Жыл сайын 19 маусымда аталып өтетін мерекені шымкенттіктер Республика күнімен қатар тойламақ.

«Биыл Абай облысында орын алған орман өртіне байланысты Қала күніне жоспарланған мерекелік іс шараларды Республика күні қарсаңында өткізу жоспарлануда», - делінген хабарламада.