Ол үшін Президент жанынан арнайы қор құрылады
Мемлекет басшысы Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандардың отбасыларына жеке жәрдемақы тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалады. Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Президент зардап шеккендердің өтініштерінің бәрі орындалатынына тоқталды.
«Атқарушылардың барлығы осында. Сіздердің барлық қажеттілігіңіз бойынша тізім жасалады. Бүгін – жексенбі, келесі аптада барлық мәселе шешіледі. Өтініштеріңіздің бәрі орындалады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.