Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді
Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000 астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған.
11 тікұшақ тартылды. Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет жалпы көлемі 410 тонна су төгілді. Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері 263 рет жалпы көлемі 590 тонна су төгілді.
Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді.