Ол Абылай Мырзахметовтен ай сайын 5 мың доллар пара алып отырған
Пара алды деген күдікпен ұсталған бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.
«Нұржан Әлтаевқа қатысты бұлтартпау шарасы белгілі болды. 2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Н. Әлтаевты 2 ай мерзімге күзетпен қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген елорда сотының хабарламасында.
Еске сала кетейік, 7 маусымда Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Антикор Нұржан Әлтаевтың Абылай Мырзахметовтен ай сайын 5 мың доллар пара алып отырғанын мәлім етті.