Кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін
Қазгидромет мәліметтерінше, аптап ыстық қысқа уақытқа ғана басылады. Синоптиктер 10-12 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтал бөліктерінің әсерінен найзағай ойнап, қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
10-12 маусымда елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Аптап ыстық қысқа уақытқа басылады. 10-12 маусымда сынап бағанасы солтүстікте, шығыста 29 градусқа дейін, орталықта 33, республиканың оңтүстік-шығысында 28 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі. Содан кейін қайтадан аптап ыстық жалғасады.