Республика бойынша жел күшейіп, кей өңірде шаңды дауыл соғады
Синоптиктер 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жырасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағай мен жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты ыстық болуы ықтимал. Қостанай, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты ыстық болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17°С, күндіз 33-35°С жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15°С, күндіз 27-29°С жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19°С, күндіз 32-34°С жылы болады.