Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам анықталды. Олардың біреуі 1958 жылы туған әйел. Ол Мәскеуден келген. Ал екінші адам 1995 жылы туған. Ол Алматы-Сеул рейсімен келген. Олар стационарға карантинге жатқызылды», - деді министр.