Ақмола, Қостанай, Маңғыстау облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның үш облысына дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қазгидрометтің хабарлауынша, 15 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ге жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 пайыз.
Сонымен қатар, Қазгидромет 15 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болатынын болжап отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 15 наурызда оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз болып отыр.