Мұрат Жөребеков «Ұлттық мұра» қатысушыларын құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Ақтөбеде қала күніне арналған түрлі іс-шара өтті

Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Қала күнін мерекелеу аясындағы іс-шаралар Ақтөбе Арбатында да өтті. Мұнда кимешек киген 60 әже диірменнен талқан тартты. Тары талқандап үйреткен үлкендердің үлгісін жастар жағы тамашалап, қол диірменнің тарихымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шеберлік сағатына қала әкімі де қатысты. Мұрат Жөребеков «Ұлттық мұра» іс-шарасына қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Көптеген жас шеберлік сағатын зор қызығушылықпен тамашалады. Қол диірменді өздері тартып, талқан дайындағандар да болды.

Жастарға диірменнің жұп тастан жасалатыны, оны қазақ халқы ежелден тары, бидай ұнтақтау үшін қолданғаны туралы мәліметтер берілді.

Сонымен қатар сахнада концерттік бағдарлама және жергілікті дизайнерлердің ұлттық костюмдерінің сән көрсетілімі өтті.

Шатырларда қолданбалы өнер туындыларының жәрмеңке-сатылымы ұйымдастырылды.