Жамбылдағы денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 50%-дан асқан

Автор: Azattyq Rýhy

Оны 36,7%-ға дейін төмендету көзделіп отыр

Фото: inform.kz

Жамбылдағы денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 50%-дан асқан. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 52,4%-ды құрайды. Біз осы көрсеткішті төмендету мақсатында 3,3 млрд теңгеге 20 денсаулық сақтау нысанының, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде 1,7 млрд теңгеге 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысын жүргізуді және 1,5 млрд теңгеге 10 нысанды күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Нұржігітов атағандай, денсаулық сақтау ұйымдарының тозуы - 52,4%-дан 36,7%-ға дейін төмендейді.

«Ал саланың медициналық техникамен жабдықталу деңгейі – 91,9%. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 2,4 млрд теңгеге қажетті медициналық құралдар алып, жабдықталу деңгейін 96,6%-ға жеткіземіз», - деді ол.