Аймақта бір жарым күн ішінде алты айлық жауын-шашын нормасы жауды
Италияның солтүстігінде су тасқынынан 13 адам қаза тауып, 10 мыңнан астам адам үйлерін тастап шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ansa ақпараттық агенттігінің мәліметінше, су тасқыны бір жарым күннен астам уақытқа созылған қатты нөсерден кейін басталған. Осы уақыт ішінде мұнда жауын-шашынның алты айлық нормасы жауған.
18 500 тұрғын жарықсыз қалды.
19 мамырда Эмилия-Романья аймағында қауіптің «қызыл» деңгейі сақталып отыр, тұрғындарға көшкін болуы мүмкін екені ескертілді. Мұнда қазірдің өзінде 280-нен астам көшкін болған, оның 120-сы аса ауыр зардаптарға әкеліп соққан.
Сондай-ақ өңір көшкін жүруі мүмкін аумақтағы 250 жолды жауып тастады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты осы демалыс күндері Эмилия-Романья аймағында өтуі тиіс «Формула-1» Гран-приі Сантерно өзенінің су басу қаупіне байланысты өтпейтін болды.